Соңғы 10 жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Нәзік жандылардың 64,4%-ы қалаларда, 35,6%-ы – ауылдық жерлерде тұрады.
Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр. Онда 1,2 млн әйел тұрады. Екінші орында 1 млн аруы бар Түркістан облысы, ал үшінші орында 803 мың әйел тұратын Астана.
Соңғы 10 жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған. Өсім – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.
Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 миллионы – 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны – 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны – 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас.
Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.