2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елде әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.
Биыл қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай болып белгіленді.
"ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 11-бабына сәйкес, әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отырады. Бұл өзгерісті жүзеге асыру үшін 2018-2027 жылдар аралығындағы 10 жылда әйелдердің зейнеткерлік жасын 63 жасқа дейін жеткізу жоспарланған.
2021 жылы әйелдер 60 жаста зейнетке шыққан болса, биыл 1 қаңтардан бастап 60 жас 6 ай болған кезде ғана зейнетке шыға алады", - деп жазылған хабарламада.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, әйелдердің зейнет жасын кезең кезеңмен ұлғайту көзделген.