Әйелдер вагонын былтыр 161 мыңға жуық жолаушы пайдаланған

369

Бұл вагондарға деген сұраныс жолаушылар арасында артып келеді.

Әйелдер вагонын былтыр 161 мыңға жуық жолаушы пайдаланған Фото: Inbusiness.kz

2023 жылы әйелдерге арналған вагондарды 161 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. 2022 жылы бұл вагондармен 114 мыңнан астам адам жол жүрген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Әйелдерге арналған вагондар" қызметі енгізілген сәттен бастап 2021 жылдың 3 айы ішінде - 13 мыңнан астам жолаушы саяхаттады. Осылайша әйелдердің қауіпсіз саяхаттауын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген қызметтің жолаушылар арасында сұранысы артып келеді", - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ таратқан мәліметте.

Бүгінгі таңда әйелдерге арналған вагондар 8 жолаушылар пойызының құрамында жүреді:

- №77/78 "Алматы-Маңғыстау"№07 купе вагоны;

- №351/352 "Алматы-Өскемен"  №10 купе вагоны;

- №45/46 "Павлодар-Түркістан" №09 купе вагоны;

- №37/38 "Маңғыстау-Семей" №06 купе вагоны;

- №47/48 "Атырау-Астана"  №06 купе вагоны;

- №33/34 "Ақтөбе-Алматы-1" № 06 купе вагоны;

- №4/3 "Астана-Алматы-2" № 17 купе вагоны;

- №71/72 "Астана-Шымкент" №10 купе вагоны.

Айта кетейік, бұл вагондарға отырған әйел-жолаушыларға жеті жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүруге рұқсат етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу