Әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдарға қатысты заң жобасы мақұлданды

8567

Мәжілісте әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғауға мүмкіндік беретін екі заң жобасы қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдарға қатысты заң жобасы мақұлданды

Олар: 

1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде;
2. "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы".

Баяндамашы, Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, бұл заң жобалары әйелдерді, жастарды және мүгедектігі бар адамдарды елдегі саяси мәселелерге белсенді тарту нормашығару процесіне қатысу арқылы елдің неғұрлым осал және проблемалық мәселелерін шешуде осы санаттардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді.

Оларды мемлекеттің тыныс-тіршілігінде белсенді жұмысқа тартады.

"Депутаттық мандаттарды бөлуде аталған санаттағы азаматтарға артықшылықтар беріледі", – деді министр.

Екі заң жобасы Сенаттың қарауына жөнелтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу