Бұл туралы Сенаттағы үкімет сағатында депутат Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ана мен бала өлімінің жоғары деңгейі де алаңдатып отыр. Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген сәттен бастап, сақтандыру жүйесіне енбеген репродуктивті жастағы әйелдер жүктілікке жоспарлы дайындық пен медициналық емдеу қызметтерімен тиісті деңгейде қамтылмай отыр. Жүктіліктің оныншы аптасынан кейін ғана әйелдер мемлекеттің жеңілдік алатын санатындағы азаматтарының қатарына қосылып, сақтандырылған мәртебеге ие болады. Алайда осы аралықта болашақ ананы бақылауға алу мен емдеуі үшін маңызды кезең өтіп кетеді. Елде орын алып жатқан ана өлімі бойынша ауыр жағдайды ескерсек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде репродуктивті жастағы әйелдерге көрсетілетін медициналық қызмет көлемдерін қайта қарау қажет", - деді Ақмарал Әлназарова.
Сонымен қатар депутат осы санаттағы әйелдерге арналған амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімін қайта қарауды ұсынды.