"Әйелдерді өлтіріп, денелерін көшеге тастаған": Өскемен көшелерінде маньяк жүргені рас па?

2387

Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. 

"Әйелдерді өлтіріп, денелерін көшеге тастаған": Өскемен көшелерінде маньяк жүргені рас па? Фото: МК

Әлеуметтік желіде Өскеменде "маньяк пайда болды" деген ақпарат тарады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты YK-news.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Дереккөзде "соңғы күндері бірнеше адамның денесі табылды. Олардың барлығы – әйелдер" деп жазылған.

Мұндай ақпараттың тарауына Өскемендегі саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылғандығы себеп болып отыр. 

"Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Халыққа бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу