Алматы облысында әйел адамдарды тонаған және қарақшылықпен айналысып келген 25 жастағы ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД.
Күдіктіні Талғар ауданының полициясы ұстады. Оның үстінен шілде-тамыз айларында қарақшылық және тонау фактілері бойынша үш арыз тіркелген болатын. Барлық жағдайда жас әйелдер өз өтініштерінде өзара ұқсас адамды сипаттаған. Өз құрбандарын қорқытқан ер адам олардың ақшаларын, ұялы телефоны мен планшеттерін алып кеткен.
"Бір фактіден өзге, әйелдерді тонау деректерінің барлығы Талғар аумағында болған. 24 тамызда күдіктінің 22 жастағы қызға пышақпен тап беру фактісі бойынша Талғар полицейлері оның ізіне түсіп, қолға түсірді. Күдікті 1993 жылы туған көрші Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны болып шықты",- деп хабарлайды ВАлматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстандық қылмыс заңнамасының 191 "Тонау" және 192 "Қарақшылық" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.