Әйелдердің бала туу жасы ұлғайып келеді

1851

Статистика Қазақстанның көпшілік өңірінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болғанын көрсетті.

Әйелдердің бала туу жасы ұлғайып келеді

Елімізде өткен жылы 397799 нәресте өмірге келіпті. ҰЭМ статистика комитеті аналардың бала туу кезіндегі орташа жасын есептеді. Комитеттің мәліметінше, өткен жылы сәби сүйген аналардың орта жас мөлшері 28,7 болыпты. Ал 2008 жылы – 28,1 жасты құраған.

Балалы болған аналардың ішінде қалалық әйелдердің орта жасы 29,0 (2008 жылы – 27,8), ауылдық мекендердегі орта жас – 28,3 (2008 жылы – 28,4) құрады.

Статистика Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болғанын көрсетеді. Мысалы Алматы қаласында орташа жас 29,8 болса, Нұр-Сұлтан қаласында 29,6 екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу