Әйелдердің цифрлық мүмкіндіктерге қол жеткізуінде кедергілер бар - Элиза Фернандес

430

БҰҰ ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде көптеген түрлі бастамаларды жүзеге асырады. 

Әйелдердің цифрлық мүмкіндіктерге қол жеткізуінде кедергілер бар - Элиза Фернандес Фото: vietnamplus

Бұл туралы Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогында Еуропа мен Орталық Азиядағы "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының аймақтық офисі аймақтық директорының орынбасары Элиза Фернандес айтты.

"Орталық Азия әйелдерінің диалогы – өте маңызды аймақтық платформа. Мұнда көкейтесті мәселелер талқыланады, сонымен қатар гендерлік теңдік саласындағы мәселелер және аймақтағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуді ілгерілету бойынша шешімдер әзірленеді. Оның ішінде білім беру, гендерлік алшақтықтарды жою, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық проблемасын шешу салалары бар", - деді Элиза Фернандес тілшілердің сауалына берген жауабында. 

Спикер бүгінгі отырыстың күн тәртібіндегі мәселе  жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға арналғанын еске салды.

"Бұдан басқа біз цифрлық саладағы гендерлік алшақтық туралы да айтамыз. Әйелдердің тең мүмкіндіктерге қол жеткізуінде кедергілер бар. Сондай-ақ мұнда цифрлық үкімет мәселесі де көтеріледі. Өйткені бұл платформада барлық азамат жынысына қарамастан әртүрлі қызметке тең қол жеткізуі тиіс", - деді Еуропа мен Орталық Азиядағы "БҰҰ-Әйелдер" құрылымының аймақтық офисі аймақтық директорының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу