Әйелдердің зейнет жасы қайта қаралуы мүмкін

444

Елімізде әйелдердің зейнет жасы қайта қаралуы мүмкін. Тек 5 жылдан соң.

Әйелдердің зейнет жасы қайта қаралуы мүмкін Фото: SN.kz

2028 жылға дейін Қазақстан әйелдері 61 жастан зейнетке шығады. Ал 29-шы жылдан бастап зейнет жасы ұлғая ма, әлде төмендетіле ме  бұл екі факторға байланысты деді Еңбек министрі. Шешім қабылдар кезде әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы және зейнетақымен қамтамасыз етілу деңгейі негізге алынады. 

"Алдағы бес жылда денсаулық сақтау саласында ірі ұлттық жоба іске асырылады. Нәтижесінде, азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығының жақсаратын болса, 2029 жылдан бастап біз бұл мәселеге қайта ораламыз, егер бәрі осы деңгейде қалса немесе, керісінше, төменірек болса, онда әрине, жас шектеуі мәселесі міндетті түрде қайта қаралады", дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу