"Әйелдердің зейнет жасын қысқарту": Министр өз пікірін білдірді

603

Бұл мәселе жан-жақты талқылауды қажет етеді. 

"Әйелдердің зейнет жасын қысқарту": Министр өз пікірін білдірді Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда қолданыстағы заңға сәйкес, 53 жасқа толған 5 баласы бар әйелдің зейнетке ерте шығуға мүмкіндігі бар. Ол жұмыс жасамаған күннің өзінде 4 баладан артық баласы болса, онда мемлекет 12 жыл еңбек өтілін береді. Енді депутат Аманжол Жамаловтың ұсынысына келетін болсақ. Бүгінде зейнетақы еңбек өтіліне және табысына қарап есептелінеді. Бұл – мемлекеттен берілетін зейнетақы. Егер 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмаса, ол кісілердің балалары көп болғанына қарамастан еңбек өтілі есептелмейді. Сондықтан соңғы кезде негізгі мәселе азаматтардың жинақтаушы қорындағы қаражатының көп болуына байланысты болып отыр. Егер де жинақтаушы қорда қаражаты болмаса, еңбек өтілі болмаса, ол кісінің зейнетақысы да өте төмен болады", - деді министр тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Ведомство басшысы бұл ұсыныстың жан-жақты талқылауды қажет ететінін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Мәжілістің жалпы отырысында Аманжан Жамаловтың әйелдердің зейнет жасын төмендетуге байланысты ұсыныс тастағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу