Әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді

15311

Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнетке шығу мерзімін 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленетіндігін айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді

"Зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта жүктеу қажет. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120%-ға дейін жеткізу керек. Бұл осыған дейін қабылданған шешімдермен бірге 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді Мемлекет басшысы. 

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу керектігін де атап өтті.

"Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл оның мөлшерін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді. Ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етпек", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу