Саулнама нәтижесінде, әйелдерге қарағанда ерлер өз тұрмысына көбірек қанағаттанатыны анықталды. Ерлер арасында қанағаттану көрсеткіші 61,8% болса, әйелдер арасында көрсеткіш 58,5%.
Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (57,4%) туыстары мен таныстарының моральдік қолдауына сенімді екендігін көрсетті, бұл ретте ерлер мен әйелдер моральдік қолдау көрсетілетініне бірдей пікірде болған (тиісінше 57,6% және 57,3%).
Достарымен, отбасымен айына бір рет болса да бірлескен кездесуге мүмкіндігі бар екенін респонденттердің 44,1%-ы белгілесе, ал 43,8%-ында мұндай мүмкіндік жоқ екені белгілі болды. Ал 12,1%-ы олар үшін бұл мәселенің маңызды еместігін көрсеткен.