Әйелдерге қасақана ВИЧ жұқтырған теміртаулықтың ісі қаралып жатыр

763

Әйелдерге қасақана ВИЧ жұқтырған теміртаулықтың ісі қаралып жатыр

Қарағанды облысы Теміртау қаласының азаматы ВИЧ инфекциясын әйелдерге әдейі жұқтырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 24.kz.

Қарағандыдағы облыстық алдын алу және СПИД-ке қарсы орталықтың тіркеуінде тұрған 28 жастағы ер адамға қарсы тергеу жүргізілуде. Дәрігерлер науқасқа ескерту жасап, дертті қасақана жұқтыратын болса, әкімшілік жазаға тартылатындығы туралы қолхат алған. Алайда ер адам қауіпті вирусты 4 әйелге жұқтырып үлгерген.

Қасақана ВИЧ инфекциясын жұқтырған жігіттің үстінен 19 жастағы бойжеткен полицияға шағым түсірген. Енді бұл іспен полиция айналысуда.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу