"Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр": Ұланғасыр Қамиев болашақ жарына қоятын талабын айтты

5037

25 жастағы жігіттің отбасылық өміріне қатысты қағидасы желіде қызу талқыға түсті.  

"Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр": Ұланғасыр Қамиев болашақ жарына қоятын талабын айтты Фото: @ulangasyrqamiev

Көпке “Балқия” әнімен танылған хитмен Ұланғасыр Қами болашақ жарына намаз оқытып, хиджаб кигізетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Шын түсініп киген әйел хиджабты басын кесіп алса да, шешпейді. Басқасында шаруам жоқ. Мен ертең өз әйеліме хиджаб кигіземін. Басқасы шешіп ала ма, шешіндіре ме, шатағым жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбесе, алмаймын. Арабтікі ме, басқаныкі ме, маған бәрібір. Мен оны түсініп тұрмын, түсенетін әйел іздеймін. Кимеймін десе, “сау бол” деймін. Болашақ әйелімнің санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді”, – деді әнші. 

Сонымен қатар ондай шешімге әйеліне де жауапты болғандықтан барғанын алға тартты. 

“Неге хиджаб кигізесің деген сұрақ болса, ер адам өзіне жауапкершілік алады ғой… Үйленгеннен кейін ақыретке дейін әйеліңе де сен жауаптысың, сұраласың. Егер хиджаб киіп, дұрыс жүрмейтін әйел болса, үйленбей-ақ қойған дұрыс... Әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Ұстаздар баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, күйеуі оны естиді де, барып өлтіріп қояды деген сияқты, – деп айтты хитмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу