Әйелді екі баласымен бірге өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

646

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ізін суытпай әйел мен оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірді деген күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.  

Әйелді екі баласымен бірге өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралы тәркіленген.

"Тергеу барысында полиция күдіктінің әйелмен таныс екенін анықтады. 11  шілдеде түнгі сағат 03.00 шамасында олардың арасында жанжал шығып, 36 жастағы қала тұрғыны 35 жастағы әйелге бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Шу кезінде  балалар оянып кеткен. Ер адам оларды да бірнеше рет пышақпен жарақаттаған", - дейді департаменттен.

Күдікті Ақсу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 99-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.

Еске сала кетейік,12 шілде күні сағат 11.40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу