"Әйелдің ойбайлап жатқан дауысын естідім": Шерзаттың сотында тағы бір куәгер жауап беріп жатыр

154

Сот процесі онлайн көрсетіліп жатыр. 

"Әйелдің ойбайлап жатқан дауысын естідім": Шерзаттың сотында тағы бір куәгер жауап беріп жатыр Фото: Sputnik

Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгер Сәкен Әкежанов жауап беріп жатыр. Ол сотталушылар мен жәбірленуші тарапты танымайтынын айтты. Куәнің "Қамажай" дүкеніне қарама-қарсы бес қабатты үйдің үшінші қабатында тұратыны белгілі болды.

"Мен дүкеннің қасында болған жоқпын. Үйде жұмыстан кейін ұйықтап жатқанмын. Тарсылдатты, бір-екі "хлопоктар" болды. Бізде Шота Руставели (көшесінде) жастар мотоциклдер айдайтын әдетте. Сол шығар деп ойладым. Сосын әйелдің ойбайлап жатқан дауысын естідім. "Скорый шақырыңдар" дегендей бірдеңе айтты. Балконға шығып қарасам, он шақты жігіт жүгіріп бара жатыр. Бір жігітті тепкілеп жатты. Сосын мен "Жігіттер, қойыңдар, өлтіресіңдер ғой" деп айқайладым", - деді куәгер.

Сәкен Әкежанов оқиға орнында болған адамдардың түрін көрмегендіктен, олардың кім екенін айта алмайтынын айтты.

Мемлекеттік айыптаушы "Жерде жатқан бір адамды ғана көрдіңіз бе?" деп сұрады.

"Бір-ақ адамды көрдім. Оны тепкілеп тастағандықтан, ол жерге құлап қалды. Мен жедел жәрдем шақырдым", - деді куәгер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу