Жоғарғы сот Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновке қатысты ісі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оған дөрекі сөйлеген. Осылайша басқа адамдардың да тыныштығын бұзған.
“Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Айтуынша, бұрынғы жұбайы оның өтінішімен балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегені. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Сондай-ақ ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын айтып ақталды”, – делінген хабарламада.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны көшіру кезінде күш көрсетіп, оған шабуыл жасап, денесіне зақым келтірген. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталады.
“Жоғарыда келтірілген мән-жайларды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық турылы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды”, – деп мәлімдеді ведомство.