"Жанжал қайын енесінің келініне қатысты балағат сөздер айту негізінде орын алған. Әйелінің сөзін сөйлеген ер адам анасын соққыға жыққан. Оның миы шайқалған, денесі көгерген, қолы сынып, көптеген дене жарақаттарын алған. 49 жастағы күдікті ұсталды", – деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.
Ер адамның іс-әрекеті бұзақылық ниетпен дәрменсіз күйде қалған адамға қатысты ерекше қатыгездікпен денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру деп сараланады. Күдікті 2 айға қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу