Марқұм әйелдің денесінен зорлық белгілері анықталса, ер адам асылып тұрған күйінде табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтөбеде кеше 40 жастағы Аманжол Алмағанбетов пен оның әйелі Гүлжахан Шектібаева жоғалып кеткен еді. Олар Ақтөбе қаласындағы 41-разъездегі үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. Содан соң ерлі-зайыптыларды іздеу жұмыстары жүргізілді. Бүгін екеуінің де денесі қала шетінен табылып отыр.
– Полиция 1986 жылы туған әйелдің зорлық белгілері бар денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Одан кейінгі іс-шаралар барысында күйеуі асылып тұрған күйінде табылды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Қажетті процестік әрекеттер жасалып, аумақ тексеріліп, заттай дәлелдемелер жинақталып жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.