"Әйелімді ажалдан арашалай алмадым": Бетперделі жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлап, барлық қарызын жауып берді

8724

Бетперде таққан белгісіз жігіт тағы бір адамның қуанышына себепкер болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әйелімді ажалдан арашалай алмадым": Бетперделі жігіт жалғызбасты әкеге үй сыйлап, барлық қарызын жауып берді Фото: Бейнежазбадан

Ол бұл жолы жалғызбасты әкеге көмектесті. Ер адам әйелінің еміне қанша қарыз алып, аман алып қалуға тырысқанымен қолынан келмегенін айтып, көзіне жас алды.

Бүгінде кәмелет жасқа толмаған екі баласы тігін шеберханасында жұмыс істеп жүр. Ал өзі lll топ мүгедегі болғанына қарамастан қоқыс жинап, еңбек етеді.

"Дәрігерлер әйелімнің екі төсін де алып тастады. Ота жасалды. Мен қарызға баттым. Әйелімді ажалдан арашалай алмадым. Оны қатты жақсы көргенімді енді түсініп жатырмын. Олсыз үйіміз қаңырап қалды", – дейді жалғызбасты әке.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу