Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды

453

Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлім етті.

Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды Фото: newsroom.kz

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың әйелін жүйелі түрде ұрғаны дәлелденді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен жылы бұрынғы елші кеңесшісіне қатысты жұбайына жүйелі түрде қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар кешені жүргізілді", - делінген хабарламада. 

Департамент мәліметінше, жедел тергеу және сараптама нәтижесінде экс-дипломаттың ісіне қатысты айтарлықтай дәлел жиналған. 

"Тергеу нәтижесі бойынша күдікті Сәкен Мамашқа қатысты тергеу соты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - дейді елорда полиция департаментінен.

Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты аталған іске қатысты басқа мәліметтер жария етілмей отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу