Шымкент қаласының полиция қызметкерлері әйелін аяусыз ұрды деген күдікпен Түркістан облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиғаның 16 қыркүйекте түнгі уақытта Шымкент қаласының аумағында болғаны анықталды. Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген ПД хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу