"Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник" дейтін еді": Жазира Елдосты сынағандарға жауап берді

3633

Олимпиададан елге оралған Елдос Сметовтың жұрт алдына анасымен бірге шыққан видеолары желіде тараған еді. 

"Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник" дейтін еді": Жазира Елдосты сынағандарға жауап берді Фото: коллаж: inbusiness.kz

Әнші Жазира Байырбекова Париж Олимпиадасының чемпионы атанған Елдос Сметовке қолдау білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде Елдос Сметовтің анасымен қол ұстасып жүрген видеосы қызу талқыға түсті.

Осы орайда әнші Жазира Байырбекова спортшыны "мамасының баласы" деп сынамауға шақырды.

"Әйелін құрметтейтін жігіттерді "подкаблучник" дейтін еді. Енді анасын құрметтейтіндерді "мамасының баласы" деп мазақ ететін болыпты. Әрине, әртүрлі аналар, әртүрлі келіншектер болатыны рас. Бірақ бұл қылықтарыңыз әр отбасындағы жігіттерді әйеліне немесе анасына қарсы қоюға әкелмей ме?! Ешкімді ешкімге қитұрқы сөзбен айдап салмай, жай ғана түсінісіп өмір сүруге неге тырыспайды біздің қоғам ...", – деп жазды әнші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу