Өскеменде спортшыны аулада атып кетті

508

Оқ екі рет атылды.

Өскеменде спортшыны аулада атып кетті Фото: Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі

Өскеменде көпқабатты үйлердің ауласында ер адамды атып кетті. Қайғылы оқиға 13 қаңтар күні болған. Полицейлер күдіктіні 10 минут ішінде ұстаған. 

Оқиға алдымен әлеуметтік желі арқылы тарады. Бейнежазбада аулада келе жатқан адамды қаруланған азамат атқаны анық көрініп тұр. Оқ екі рет атылды. Кейін қарудың артымен зардап шегушінің басына бағыттап соққы жіберген. 

- 13 қаңтар күні облыс орталығының “102” арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберістердің бірінің жанында ер адамның қанға боялып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген бойда мәйіт табылды. Болжам бойынша ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған. Бұл фактіге дереу патрульдік бөлімшелер жедел ден қойып, 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды.  Болған оқиғаның барлық  мән-жайы анықталуда, - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ақпараттық басылымдар жазым болған азамат Эльяр Юнусметовтың танымал спортшы болғанын жазып жатыр. Ол "Барыс QTT" және джиу-джитсу бразилиялық клубында жаттығып жүрген.

Эльяр Юнусметов – жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері; кикбоксингтан спорт шебері; кудодан спорт шебері; Жекпе-жектен Евразия чемпионы мен әлем Кубогының иегері;

"Катундегі шайқас" (Ресей Федерациясы) атты додада Гран-придің жүлдегері болған.
Оның спортқа деген ынтасын байқап, алғашқы жаттықтырушысы болған  – әкесі. Ең бірінші қадамы да әкесінің демеуімен 5 жасынан басталды.

Танымал спортшы Эльяр Юнусметов туған жерінде жерленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу