Әйелін ұрды деп айыпталып жатқан қазақстандық дипломат 15 тәулікке қамалды

840

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш 15 тәулікке қамалды.

Әйелін ұрды деп айыпталып жатқан қазақстандық дипломат 15 тәулікке қамалды Фото: Ашық дерек көздерінен

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелінің әпкесінің денсаулығына қасақана зиян келтірді деп айыпталған Сәкен Мамашқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Сәкен Мамаштың жұбайының өтініші бойынша жеке қылмыстық іс жүргізіліп жатыр екен.  

Сот БАӘ елшісінің бұрынғы кеңесшісін максималды мерзімге қамауға алды.

Істің мән-жайлары бойынша Сәкен Мамаш жанжал барысында жұбайының әпкесіне қатысты физикалық күш қолданған.

Сот отырысы барысында Сәкен Мамаш және оның адвокаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, оның кінәсі іс материалдарымен дәлелденбегенін көрсетті. Сондай-ақ, құқық бұзушылық жасалған орын ҚР юрисдикциясына жатпайтынын, одан бөлек Сәкен Мамаштың әрекеттері қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде жеке тергеу жүргізіліп жатқан өзінің және оның жұбайының арасындағы отбасылық-тұрмыстық іс-әрекеттерге жататынын көрсетті.

ӘҚБтК-нің 73-1-бабының санкциясы ескерту түріндегі жазаны немесе 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Сот қаулысымен Сәкен Мамаш ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу