Кеше қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың әйеліне қол көтергені үшін сот алдында жауап беретіні айтылған еді. Алайда бүгін оның жары видеоүндеу жолдап, жолдасының сыртынан орынсыз әңгімелер айтылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелінің айтуынша, күйеуі қамқор әрі жақсы адам.
"Рахат өте жақсы адам. Мені және балаларын жақсы көреді. Өте қамқор әке әрі мейірімді жар. Әрине, отбасы болған соң басқа отбасылар секілді бізде де ұрыс-керіс болады. Бірақ өзгелер жағдайдың ақ-қарасын білмей неше түрлі ақпарат таратуда. Рахатты әділетсіз айыптап жатыр. Біз сіздердің тараптарыңыздан алаңдаушылық болып жатқанын білеміз. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ. Бізде барлығы жақсы", - деді әншінің әйелі.