Әйеліне қол көтерген Рахат Тұрлыханов сотта ескертумен құтылды

449

Бұрынғы әнші істеген ісіне өкінетінін айтты.

Әйеліне қол көтерген Рахат Тұрлыханов сотта ескертумен құтылды Фото: Әлеуметтік желіден

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың жиені әрі бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов әйелін сабағаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бүгін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарағандарын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Рахат Тұрлыханов 2023 жылдың желтоқсан айында үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінітінін жетікізді. Сондай-ақ, татуласқандарын айтып, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, күйеуімен татуласқанын айтты.

"Сот қаулысымен Т., ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", - деп хабарлады қалалық соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу