"Әйеліңізбен ауыр әңгіме болғалы тұр-ау": Үкіметтің алғашқы көшпелі отырысы әзілден басталды

306

 ҚР Цифрлық даму министрі Үкімет басшысына ақылды виртуалды көмекшісін таныстырды.

"Әйеліңізбен ауыр әңгіме болғалы тұр-ау": Үкіметтің алғашқы көшпелі отырысы әзілден басталды Фото: Үкімет

Үкіметтің көшпелі отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге жасанды зейінді қалай енгізіп жатқанын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасанды зейіннің мемлекеттік қызмет алушымен онлайн режимде қалай тілдесетінін іс жүзінде көрсеткен министр мысал ретінде өз цифрлық қолтаңбасы арқылы некені тіркеуге өтінім берудің жолын көрсетпек болған. Алайда жасанды зейін деректер базасынан министрдің бұған дейін некеге тұрғанын анықтап, өтінім қабылдаудан бас тартты.

Сол сәтте премьер-министр Олжас Бектенов Мәдиевке әзілдеп:

"Некеде болсаңыз да, некеге тіркейді деп үміттендіңіз бе? Бүгін жиыннан кейін әйеліңізбен ауыр бір әңгіме болғалы тұр-ау",  деді премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу