Әйгілі аудармашы дүниеден озды

1726

Әйгілі аудармашы дүниеден озды

Қазақ руханияты ауыр қазаға ұшырады. Әйгілі аудармашы, жазушы Кеңес Юсуп 76 жасқа қараған шағында, Астана қаласында дүние салды, деп хабарлайды Baq.kz.

Гарсия Маркестің әйгілі "Жүз жылдық жалғыздық" романын қазақ тілінде керемет шеберлікпен сөйлеткен Кеңес Сіләмханұлы Юсуп 1941 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Баймұра ауылында дүниеге келген.

Семей өзеншілер училищесін (1959), ҚазҰУ-ды (1971) бітірген. 1968-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық "Коммунизм туы" (қазіргі "Дидар"), "Социалистік Қазақстан (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеттерінде "Қазақстан коммунисі" (қазіргі "Ақиқат"), "Жұлдыз" журналдарында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған.

1997 жылдан Қазақстан президенті баспасөз қызметінің бас сарапшысы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу