Әйгілі таеквондо шебері Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына келді

119

Аты аңызға айналған таеквондо шебері, қазақтың батыр ұлы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына арнайы келді.  

Әйгілі таеквондо шебері Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Абай облысына келді Фото: Абай облысының әкімдігі

Ол облыс әкімі Берік Уәли жүздесті, деп жазады inbusiness.kz сайты

Кездесуге түркиялық және отандық кәсіпкерлер Омар Тәйжі мен Қайша Керей қатысты.

Бүгінде Германияның Мюнхен қаласында тұратын Неслихан ата-бабаларының туып-өскен жері Абай облысына арнайы келген екен.

"Мен Германияда туып-өстім. Абай еліне, Семей қаласына алғаш рет келіп отырмын. Құрмет көрсетіп, жылы қабылдағандарыңызға зор алғысымды білдіремін. Ата-бабаларымның туған жеріне келіп, ерекше сезімді бастан кешіп отырмын", – деді Неслихан Өзтүрік.

Аймақ басшысы Мұстафа Өзтүрік есімін Абай облысында дәріптеу бағытындағы бастамаларға қолдау көрсетілетінін атап өтті.

"Мұстафа Өзтүрікті еліміз жақсы біледі, бәріміз мақтан тұтамыз. Ол кісі тәуелсіздік жылдары елге жиі келіп, халқымен етене араласқан, үлкен құрмет пен қошеметке бөленген тұлға. 1994 жылы Мақаншы ауданына арнайы келіп қайтқан еді. Батыр ағамыз келгенде елдің ықыласы, пейілі ерекше болды. Абай облысында Мұстафа Өзтүріктің есімін насихаттауға байланысты ұсыныстарыңызды қарастырып, қолдау білдіруге дайынбыз", – деді Берік Уәли.

Мұстафа Өзтүрік – түркі әлеміне танымал тхэквондо шебері, Қазақстандағы осы спорттың негізін қалаушылардың бірі. Ол 1954 жылы Түркияда дүниеге келген. Жастайынан шығыс жекпе-жегіне қызығып, Оңтүстік Корея жерінде білім алған. Кейін Қазақстанға келіп, тхэквондоны насихаттап, ұлттық спорт мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Мұстафа Өзтүрік көптеген шәкірт тәрбиелеп, қазақ жастарын рухани және дене тәрбиесіне баулыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу