Әйгілі теннисшілер US OPEN турниріне қатысудан бас тартып отыр

622

Ұйымдастырушылар биылғы турнирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр.    

Әйгілі теннисшілер US OPEN турниріне қатысудан бас тартып отыр

31 тамыз күні үлкен теннистен US Open турнирі басталады. Алайда көптеген танымал спортшылар індет кезінде жарысқа қатысудан бас тартып отыр, деп хабарлайды olympic.kz.

Атап айтар болсақ, US Open турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль жарысқа қатысудан бас тартты. Сондай-ақ, 2016 жылғы жеңімпаз, швейцариялық Станислас Вавринка мен оның әйгілі отандасы Роджер Федерер де турнирден сырт қалмақ. Федерер жарақатына байланысты АҚШ-тағы жарысқа бара алмайды. Ал Вавринка коронавиурстен қауіптенеді. 

"Қазіргідей кезеңде АҚШ-қа барғым келмейді. Нью-Йоркте коронавирус әлі де басылған жоқ. Карантинге қатысты да сұрақтар бар. Індет кезінде жарыс ұйымдастыру көп күдік тудырады", - дейді Вавринка. 

Әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, австралиялық Ник Кирьостар турнирден тыс қалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу