"EClinicalMedicine published by The Lancet журналы отандық "QazVac" вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын", – деп жазды министр парақшасында.
The Lancet — апта сайын шығатын медициналық журнал. Медицина бойынша әлемдегі ең танымал, тарихы бар, абыройлы басылым. Журналдың негізін 1823 жылы ағылшын хирургы Томас Уокли қалаған. Журналға түпнұсқа зерттеу және шолу мақалалары, үздік мақалалар, ауру түрлері мен емдом жайлы түріл ақпарат жарияланады. Журналдың Лондонда, Нью-Йорк пен Бейжіңде редакциялық кеңселері бар.
Аян Бекенұлы