Айгүл Соловьева: Көмір саласын жасырын субсидиялау тетіктері бар

912

Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы қатты отыннан бөлінетін зиянды заттардың ауаны ластауына, экологияның бүлінуіне алаңдаулы.

Айгүл Соловьева: Көмір саласын жасырын субсидиялау тетіктері бар

Көмірді жасырын субсидиялауды доғару керек. Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының басшысы Айгүл Соловьева осылай деді, деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшының айтуынша, осы күні қатты отынды тасымалдауға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Сондықтан оның құны да өзге энергия көздеріне қарағанда анағұрлым арзан. Бағасы төмен болғасын көмірге сұраныс та жоғары. Бірақ қатты отыннан бөлінетін зиянды заттар ауаны ластап, экологияның бүлінуіне түрткі болып отыр. Табиғат жанашырлары осыған алаңдаулы. Сондықтан олар осы жылы экологиялық проблемалар картасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, баламалы энергия көздерін жаңғыртуды ойға алған.

Аталған қауымдастық былтыр Қазақстан мен Ресейдегі ірі өндіріс ошақтарының жасыл рейтингісін түзген екен. Ең үздік деген 150 компания таңдап алынған. Мамандар кәсіпорындарды 5 талап бойынша іріктеген. Сорақысы, үздік деген  қазақстандық өндіріс ошақтарының ешбірі тіпті алғашқы жиырмалыққа енбеген.                

"Бүгінде баламалы энергия көздері қымбат деген түсінік қалыптасқан. Газ да тиімсіз дейді. Өйткені оның құны қымбат. Ал көмір неге арзан? Себебі бізде көмір саласын жасырын субсидиялау тетіктері бар. Мәселен, көмірді теміржолмен тасымалдағанға да субсидия бөліп отырады. Ал ондай қосалқы субсидиялау болмаса, оның бағасы газбен бірдей болатын еді", – дейді Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының басшысы Айгүл Соловьева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу