"Айка тізімі": Интимдік қызмет көрсеткендер әкімшілік жауапқа тартылады

285

Жақында атышулы тізім бойынша сот шешімі шықты. 

"Айка тізімі": Интимдік қызмет көрсеткендер әкімшілік жауапқа тартылады Фото: Балжан Смаилова

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Мәжіліс кулуарында "Айка тізіміне" қатысты мәселе бойынша пікір білдірді,  деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер спикерден "Айка тізімі" бойынша қызмет көрсеткен қыздар жауапқа тартыла ма? Қызмет алған клиенттерді де жауапқа тартқан дұрыс па?" деп сұрады.

"Үкімге қатысты пікір білдірмеймін, оны өздеріңіз білесіздер. Интимдік қызмет көрсеткендерге қатысты келер болсақ, олар әкімшілік жауапқа тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі өте шектеулі. Сол себептен мұндай жағдайлар жеке қарастырылатын болады", - деді спикер.

Марат Қожаев интимдік қызмет алғандарды да жазалау қажеттігін қолдайтынын жеткізді.

Айта кету керек, осыған дейін "Айка тізімі" бойынша кінәлілер сотталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу