Айканың ізімен: 100 мыңға бала сатып, қыздарды интимге мәжбүрлегендерге жаза күшейтіледі

212

"Адам саудасына" қатысты заң күшейеді.

Айканың ізімен: 100 мыңға бала сатып, қыздарды интимге мәжбүрлегендерге жаза күшейтіледі Фото: halyq-uni.kz

Елімізде жаңа туған сәбиді 100 мыңға бағалап, сатқандар бар. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары айтты. Былтыр мұндай 20-ға жуық іс бойынша үкім шығарылса, жыл басынан бері тағы 3 жағдай тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Мәжіліс депутаттары "Адам саудасына" қатысты заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Мал бағу үшін көмекші іздеп, қаладан адам әкетіп, жұмысқа салатындар мен қыздарды саудалайтындарға да тықыр таяды. Сонымен қатар, нәрестені 100 мың теңгеге бағалап, сатқандар да заң алдында жауап береді.

- Бұған дейін қылмысқа қатысқан адамдар болды. Менің тәжірибемде дәрігерлер, балалар үйінің қызметкерлері нәресте сатып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - дейді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу