"Айканың тізімі" қалай тарап кеткен? – министр жауабы

806

Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.   

"Айканың тізімі" қалай тарап кеткен? – министр жауабы Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов қоғамда қызу талқыға түскен "Айка тізіміне" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ведомство басшысынан "Айка тізімі" бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталғаны туралы ақпарат тарады. Сіздер қандай шешімге келдіңіздер? Бұл тізімді жариялаған адамдар табылды ма?" деп  сұрады.

"Бұл факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жауап беретін боламыз", - деді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, тізімнің дұрыс не фейк екендігі қызметтік тексеріс нәтижесінен кейін ғана белгілі болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу