Айлап кезекке тұрған азаматтар автонесиеден қағылғандарына наразы

556

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша электронды платформа арқылы өтініш жазғандар көліктерін таңдай бастады. 

Айлап кезекке тұрған азаматтар автонесиеден  қағылғандарына наразы Фото: egemen.kz

Ал, айлар бұрын автосалондарға кезекке тұрған азаматтар мұндай мүмкіндіктен қағылды.  Айтуларынша, олар алдын-ала кезекке тұрып, банктен мақұлдама да алған. Алайда бір күнде өтініш қабылдаудың тәртібі өзгеріп, жаңа көлік мінеміз деген үмітіміз су сепкендей басылды,- дейді. 

Бағдарлама бойынша жаңа көлік мінуден үміттенген Оңғар Тоқанов  автосалонға жыл бұрын кезекке тұрдым,- дейді. Сол уақыттан бері ол өз кезегін күнделікті бақылап тұруды әдетке айналдырған. Кезегі жақындағанда "салонға келіп көлік таңдаңыз" деген  шақырту да алған. Осылайша "жаңа көлік мінемін" деп ескі көлігін сатып жіберген азаматты жаңа платформа жаяу қалдырды.  

Ал, былтырғы тәртіп бойынша автонесие рәсімдеу үшін ең бірінші автосалоннан түбіртек алу керек болатын. Ал сарапшылар ескі тәртіпке сеніп кезегін тапжылмай күткендердің саны 40 мыңға жуықтайды. Сондықтан көлікке қолы жетпей жүрген азаматтар үшін бағдарламаны қайта жасау қажет,- дейді.

"Ай сайын жүз адамды компьютерге телміртіп отырмай кемінде 5 мың 10 мың адамның өтінішін қабылдап алу керек. Олардың эл порталда кезегі тұру керек. Сол азаматтарды 5-6 ай ішінде көліпен қамтып алайық. Одан кейін тағы ашайықта тағы 5 мың адамды жинап алайық. Басқа да ипотекалаық программаларда сондай ғой. Ал кім бірінші кім жылдам деген принцпке салып, мұндай көлік кезегін ұйымдастыруға болмайды деп ойлаймын", дейді сарапшы Диас Нұрақын.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" автосалондар кезекті өз бетінше жүргізгенін айтады. Оның жеңілдетілген автонесиеге қатысы жоқ,- дейді.  Ал, бағдарламаға қатысу үшін ең бірінші autonesie.kz сайтында рұқсат алу қажет. Осыдан кейін ғана салонға барып, көліктің бар-жоғын тексеріп, содан кейін ғана рәсімдей аласыз.  

"Мәселе бағдарлама өзіне қатысты шығарылған нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген тәртіпте жүру керек. Бұл бағдарлама үкіметтің қаулысымен бекітілген. Үкіметтің қаулысында автсалонда тб кезектердің болуын көздемейді. Әрине алам деген адамдардың саны көп, қаншасы банктен қайтты. Мәселе мұнда несие алуда ғой", дейді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма басшысы Ғалымжан Әди. 

Бүгінде жаңа платформа арқылы өтініш тастаған 761 адамның 463 ның автонесиесі мақұлданды. Олар енді кез келген автосалонға барып көлік таңдай алады. Айта кетейік, елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы екі рет - 2015 және 2022 жылдары іске қосылды. Оның операторы болып алғаш рет Қазақстанның Даму банкі тағайындалса, енді бұл жұмыс Өнеркәсіпті дамыту қорының құзырында. Сарапшылар көлік үлестіруші мекеменің жұмысын қожайыны ауысса да басынан дау арылмаған баянсыз бағдарлама болды, деп бағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу