"Ойға қонымсыз": Асхат Аймағамбетов Қуандық Бишімбаевты ақтауға тырысып жатқандарға пікір білдірді

842

Аймағамбетов бұл іс тікелей Президенттің бақылауында болғандықтан, сот әділ өтеді деген сенімде.

"Ойға қонымсыз": Асхат Аймағамбетов Қуандық Бишімбаевты ақтауға тырысып жатқандарға пікір білдірді Фото: Экспресс К

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ең алдымен, бұл - өте үлкен трагедия. Екіншіден, менің ойымша, бұл жерде соттың, заңның үстемдігі болуы керек. Біз соттың ісіне араласпауымыз керек. Бұл сұрақ Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, әділетті сот өтіп, кінәлі азамат өз жазасын алады деп сенемін. Сондықтан бұл мәселе бойынша, мысалы, қорғау - ойға қонымсыз. Мұндай мәселелерді қоғам болып қорғамай, дұрыс позицияны сақтауымыз керек. Ең бастысы, бізде заң бар. Сот болады, сотта барлық факті айтылады. Сот шешім қабылдайды, - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу