Аймағамбетов мектеп психологтарының штатын арттырмақ

880

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша оқушыларды психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру керек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аймағамбетов мектеп психологтарының штатын арттырмақ

"Қазір психологтардың әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. 7652 педагог-психолог күн сайын қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсетеді. 2019 жылғы 1 қаңтардан психолог-педагог санаты 3-блоктан 2-блокқа көтерілді, соның арқасында жалақылары көбейді", – деді министр.

Министр сонымен қатар 2019 жылдан бастап педагог-психологтерге біліктілігі үшін қосымша 30%-дан 50%-ға дейін ақы алу мүмкіншілігі берілгенін мәлімдеді. 

"Енді Әлемдік тәжірибе бойынша оқушыларды психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру үшін, қосымша штаттық бірліктер қажет болып тұр. Осы мәселе де шешімді қажет етеді", – деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу