Аймақтағы фермерлер күн батареялары мен суды үнемдейтін технологиялар орнатады

426

Шағын фермерлік шаруашылықтарда жаңартылатын энергия көздері мен ылғал үнемдейтін технологияларды енгізу жөніндегі жобаны Жапонияның қаржылай қолдауымен ҚР Үкіметі, БҰҰ Даму бағдарламасы және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  іске асырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аймақтағы фермерлер күн батареялары мен суды үнемдейтін технологиялар орнатады

2022 жылдың 9 қарашасына дейін шаруалардан өтінім қабылданды. Қазақстандық 36 фермер жобаға қатысуға ниет білдірді. Өтінімдер қатысушылардың қызығушылығына, сондай-ақ фермерлік шаруашылықтардың БҰҰДБ жобасында айқындалған талаптарына сәйкестігі негізінде жүзеге асырылды.

Олар "Атамекен" ҰКП сайтында да онлайн режимде іріктелді.

Өтінімдер жылқы шаруашылығы, етті мал шаруашылығы, құс және қой шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, дәрілік шөптер мен жидектер өсіру, балық шаруашылығы, сүт шаруашылығы, сүт өңдеу сынды 10 бағыт бойынша түсті.

Бұдан басқа, өткен жылдың күзінде БҰҰ ДБ өкілдері "Атамекен" ҰКП және JICA (Japan International cooperation Agency) өкілдерімен бірлесіп, жобаға қатысқысы келетін шаруа қожалықтарымен танысу үшін Қазақстанның өңірлерін аралады.

"Жобаны іске асыруды біз әлеуетті қатысушылар және әкімдік өкілдерімен өңірлерде тікелей талқыладық, облыстардағы фермалар мен жылыжайларға бардық. Мұндай көшпелі кездесулер әрбір фермердің нақты әлеуеті мен бизнесінің қуаты туралы түсінік берді", – деді "Атамекен" ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.

Табиғи-климаттық және географиялық аймақтарды бағалау қорытындысы, жобадан күтілетін мультипликативтік әсер, сондай-ақ консультациялар және жоба серіктестерімен келісуден кейін өңірлер бөлінісінде жобалардың көлемі мен саны айқындалды. Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері көп ұпай жинады. Атап айтқанда: "Ардағым" ШҚ, "Болашақ" ШҚ, "Ынтымақ" ШҚ, "Қаратомар" ЖШС, "Сухова В.П" ЖК, "Дон" ШҚ, "Фермеры Чилика" АӨК, "Азия Голд" ЖШС, "Поспелов" ЖК, "Шығыс Универсал" ЖШС топ жарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу