Денсаулық сақтау саласына бағытталған инвестициялар 1,5 есеге өсті

795

Аймақтар бойынша салымдардың ең көп бөлігі Алматыға бөлінген. 

Денсаулық сақтау саласына бағытталған инвестициялар 1,5 есеге өсті Фото: inbusiness.kz

2021 жылғы қаңтар-наурызда елімізде денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласына 24,5 млрд теңге инвестиция бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50,6%-ға жоғары, деп хабарлады inbusiness.kz finprom.kz сілтеме жасап. 

Бұл ретте инфляция деңгейіне түзетілген нақты өсім 50,3%-ды құрады.
 
Салыстып көрелік. Бір жыл бұрын осы кезеңде аталған салаға салымдардың көлемі 0,4% -ға ғана өсіп, 16,2 млрд теңгені құрады.

Аймақтар бойынша инвестициялардың ең көп бөлігі Алматыға бөлінген. Яғни, 9,9 млрд теңге - бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,6%- ға жоғары. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (2,7 млрд теңге) және Алматы облысы (2,2 млрд теңге) тұр.  Ал салымдардың ең аз көлемі Атырау облысында тіркелген. Яғни, тек 100,4 млн теңге - бұл өткен жылмен салыстырғанда 86,4%-ға төмен.

Биылғы жылы инвестициялардың қысқаруы алты облыста тіркелді.  Атырау облысынан басқа, өткен жылмен салыстырғанда Маңғыстауда (жылына - 85,6%, 442,8 млн теңгеге дейін) және Ақтөбе (-78,6%, 220,9 млн теңгеге дейін) облыстарында байқалады.

Биыл денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге инвестициялардың көп бөлігі - 10,3 млрд теңге (42%) банктік емес қарыз түрінде берілді. 
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға жоғары.  

Ал салымдардың 28,8%-ы немесе 7 млрд теңге инвесторлардың жеке қаражаты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,6%-ға жоғары.  Жергілікті бюджеттен жылына 3,2 есеге өсіп, 4,6 млрд теңгені құрады. Ал Республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. 

Сектордағы банктік несиелер бірден 23,9 есеге өсіп, 1,2 млрд теңгені құрады.

Өндірушілермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде биылғы жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанда 10 млн-ға жуық адамның вакцинацияға қол жетімділігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ақпараттық ресурсы хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша әлемде COVID-19 ауруынан болатын өлім-жітім жағдайы көбейген.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу