Аймақтық қолжетімді тұрғынүй бағдарламасын жасап жатырмыз – Әсет Исекешев

891

Аймақтық қолжетімді тұрғынүй бағдарламасын жасап жатырмыз – Әсет Исекешев

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Астананың даму жолын баяндау барысында тұрғынүй мәселесін де атап өтті, деп хабарлайды Today.kz. 

2017 жылы Астанада 2 миллион 360 мың шаршы метр баспана салынған, бұл республикалық көлемнің 25 пайызын құрап отыр. 

"30 сәуірде халықаралық байқаудың нәтижесінде біз сізге қаланы 2 миллион адамға дейін көбейту үшін бес түрлі мастер жоспар ұсынамыз. Байқауға Ұлыбритания, Канада, Сингапур мен Ресей елінен ірі консорциумдар қатысып жатыр. Біз оны мамыр айында ұсынамыз. "7-20-25" қолжетімді несие беру бес әлеуметтік бастамасының концепциясы көптеген тұрғынға баспана алуға мүмкіндік береді. "Нұрлы жер" бағдарламасының, сондай-ақ бес әлеуметтік бастама негізінде біз қазір аймақтық қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын жасап жатырмыз", – деді Әсет Исекешев. 

Айта кетейік, Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астананың дамуына арналған жиын өтіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу