Аймақтық телеарналардың атауы өзгерді

1514

Аймақтық телеарналардың атауы өзгерді

"QAZAQSTAN" телекорпорациясына қарасты 14 аймақтық телеарналардың атауы өзгерді. Бұл туралы "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Барлық арналардың логотипіне өзгеріс енгізіп, әр өңірдің өзіне ғана тән табиғи-географиялық атауларын қолдануды жөн көрдік. Мысалы, бұрын "Қазақстан - Павлодар", "Қазақстан - Қарағанды", "Қазақстан - Қызылорда" және т.б болып аталса, енді "ERTIS", "SARYARQA", "QYZYLORDA" болып өзгерді. Жаңа маусым аясында аймақтық телеарналарда бірқатар жаңа бағдарлама шыға бастады. Студиялардың дизайны жаңарып, әртүрлі жоба саны артты. Жалпы, бұл бастама аймақтардағы телеарналарға жаңа леп, жаңа серпіліс қана беріп қоймай, қазақ телевизиясының заманауи үрдістерге бейімделіп, әрі қарай дамуына жол ашады", - деді Ерлан Қарин.

Сонымен, "QAZAQSTAN" өңірлік телеарналарының жаңа атауы төмендегіше болады: 
1. "Қазақстан-Қызылорда" - QYZYLORDA 
2. "Қазақстан-Петропавл" - QYZYLJAR
3. "Қазақстан-Қарағанды" - SARYARQA
4. "Қазақстан-Ақтөбе" - AQTO`BE
5. "Қазақстан-Атырау" - ATYRAY` 
6. "Қазақстан-Орал" - AQJAI`YQ
7. "Қазақстан-Тараз" - JAMBYL
8. "Қазақстан-Көкшетау" - KO`KS`E
9. "Қазақстан-Павлодар" - ERTIS
10. "Қазақстан-Ақтау" - MAN`G`YSTAY`
11. "Қазақстан-Өскемен" - ALTAI`
12. "Қазақстан-Семей" - SEMEI`
13. "Қазақстан-Қостанай" - QOSTANAI`
14. "Қазақстан-Шымкент" - ON`TU`STIK

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу