"Туған қызын 10 жасынан бастап зорлаған": Айман Омарова резонансты іске нүкте қойды

587

Алматы облысында туған қыздарын бала күндерінен бастап зорлаған Ахмет Цулаевтың бұған дейінгі жазасын сот өзгеріссіз қалдырды. 

"Туған қызын 10 жасынан бастап зорлаған": Айман Омарова резонансты іске нүкте қойды Фото: Тимур Батыршин

Бұл туралы бір сағат бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир өткізген адвокат Айман Омарова мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты Azattyq ruhy-на сілтеме жасап.

Бұл резонансты іске қатысты сот шешімі 2024 жылдың шілдесінде шыққан болатын. Омарованың айтқанынан түсінгеніміз, қыздарын зорлаған адам сот шешіміне шағымданып, жазасын жеңілдеткісі келген.

"Сотталушы "жәбірленуші қыздар жыныстық қатынас кезінде қарсылық танытқан жоқ" дегенді алға тартты. Сонда, небары 10 жастағы қыз туған әкесіне қалай қарсы шыға алады? Ол тіпті әкесінің не істеп жатқанын түсінбеген. Тек өсе келе басқа әкелер балаларына олай істемейтінін білген", - дейді Айман Омарова бүгін.

Адвокат істі қайта қараған судья Айгүл Қасенова кәсібіне адалдық танытып, әрбір айғақты қайтадан мұқият зерттеген екен.

"Алматы облысының соты Цулаевқа қатысты қаулысын шығарды. Өздеріңіз білесіздер, ол туған екі қызын ұзақ жылдар бойы зорлаған. Сот оған 25 жыл жаза кескен, ал бүгінгі сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Біз судья Қасенованың адалдығына, кәсібилігіне рахмет айтамыз", - деді Омарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу