Аймағамбетов білім саласына қатысты өзгерістерге пікір білдірді

1504

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты министрліктің шешімін жариялады.  

Аймағамбетов білім саласына қатысты өзгерістерге пікір білдірді

"Қалыптасқан жағдайға байланысты Министрлік оқушылардың, студенттердің, педагогтердің және білім мен ғылым саласындағы басқа да қызметкерлердің мүдделері үшін шешімдер қабылдады.

Бұл туралы қысқаша айтып өтемін.

Біріншіден, оқушылардың қысқы каникулы 17 қаңтарға дейін ұзартылды.

Студенттердің каникулы 24 қаңтарға дейін жалғасады.

Екіншіден, қаңтардағы ҰБТ-ны тапсыру үшін өтініш қабылдау мерзімдері де ұзартылды. Енді құжаттарды 21 қаңтарға дейін тапсыруға болады.

ҰБТ-ға қатысты айтар болсақ. Тестілеу 10 қаңтардан 25 қаңтарға ауыстырылды.

Үшіншіден, магистратура мен докторантураға құжаттарды тапсыру мерзімі 24 қаңтарға дейін ұзартылды.

Төртіншіден, 10-нан басталатын республикалық мектеп олимпиадасы кейінге қалдырылды. Олимпиада енді қаңтар айының үшінші онкүндігінде өтеді.

Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша жедел желі телефондары іске қосылды.

Ағымдағы жағдайға байланысты, қауіпсіздік мақсатында ата-аналарды балаларды көшеге шығармауға шақырамын.

Еліміздің ауызбірлігі мен заңға бағыну ғана еліміздің жарқын болашағының кепілі бола алады. Осыны естен шығармауымыз керек.

Барлықтарыңызды Президентімізді қолдауға, Отанымыздың тыныштығы мен игілігі үшін арандатулар мен құқыққа қарсы әрекеттерге бой алдырмауға шақырамын", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу