Айналымнан шыққан банкноттарды айырбастауға шектеу жоқ

821

2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы және одан кейінгі жылдары шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енген болатын. Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы уақыт аралығында қазақстандықтар жалпы мөлшері 163 млн теңгеден көп ақшаға 66 403 банкнот айырбастаған.

Айналымнан шыққан банкноттарды айырбастауға шектеу жоқ

Банкноттарды ауыстыруға қатысты өтініштердің басым бөлігі Алматы (16,6%),
Нұр-Сұлтан (9,7%) және Қарағанды облысы (8,8%) тұрғындарынан түсті. Айырбастауға қабылданған купюралардың негізгі үлесін – номиналы 500 теңгелік банкноттар (47,1%) құрайды.

Айта кетейік, айналымнан шыққан 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды шекті мерзіміне қарамастан ҚҰБ-тың аумақтық филиалдарында айырбастауға болады.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда ескі үлгісі 12 ай бойы қолданыста қатар жүреді. Бір жыл бойы ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болып саналады және олар барлық төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққан жағдайда 3 жыл ішінде оны ҚҰБ филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері мен "Қазпошта" кеңселерінен де айырбастап алуға болады. Айналымнан алынған банкноттар 3 жыл өткен соң да ҚҰБ филиалдарында мерзімсіз айырбастауға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу