Айрықша мұқтаждығы бар балалар үшін арнайы санитарлық жабдықтар табыс етілді

829

Қор президенті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменова табыстаған қорғаныс заттары мен жабдықтардың жалпы құны 1 616 000 теңгені құрағады.  

Айрықша мұқтаждығы бар балалар үшін арнайы санитарлық жабдықтар табыс етілді

"АЯЛА" қайырымдылық қоры Нұр-Сұлтан қаласындағы № 1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (ППТК) үш филиалына жалпы 1,6 млн теңге сомаға арнайы санитарлық жабдықтар табыс етті. Ол COVID-19 таралуымен тиімді күресуге көмектеседі және 50 педагог пен бұл мекемеде түзету арқылы дамыту қызметтерін алып жатқан жүздеген бала мен олардың ата-анасының вирусқа қарсы қорғанысының сенімді деңгейін қамтамасыз етеді.  

Нұр-Сұлтан қаласының № 1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде қабілеті әртүрлі деңгейде төмендеген 850 бала жыл сайын оңалту рәсімінен өтеді. Олар эмоциялық жігердің бұзылуы, аутизм, ЗЖГС, психикалық дамудың тежелуі, оның ішінде сөйлеу, есту қабілеті өте төмен және ақыл-парасатының кемістігі секілді бағыттарда түзету-дамыту көмегін алады.

Оқудың және арнайы түзету сабақтарын өткізудің үздіксіздігі білім алуға айрықша мұқтаждығы бар балалардың дамуында жетістікке қол жеткізу үшін өте маңызды. Сондықтан "АЯЛА" қоры №  1 ППТК-ін коронавирустық инфекция қатері бұл үдеріске ықпал етпеуі үшін барлық қажеттімен қамтамасыз етті.

Қор осы оқу мекемесіне келетін ересектер мен балалардың температурасын бақылау үшін 3 түйіспесіз инфрақызыл термометр берді. Бұған қоса, 22 қабырғалық бактерицидтік сәулелегіш табыс етілді, олардың әрқайсысы бөлменің 30 шаршы метрін өңдеуге есептелген. Олар елордадағы ППТК барлық үш филиалы кабинеттерінің ішкі қабырғалары мен дәліздеріне орнатылды және бекітілді. Төменгі қысым шамдары бар тағы 11 жылжымалы бактерицидтік сәулелегіштер ЕДТ кабинеттеріне орнатылды, мұнда дамытатын жаттықтырғыштарды және спорт снарядтарын тез және түбегейлі зарарсыздандыру керек. Сонымен қатар, "АЯЛА" қоры ППТК персоналын 1,5 мың  зарарсыздандырылған хирургиялық қолғаппен, 6 мың медициналық маска және мөлшерлегіші бар 60 литр антисептикпен қамтамасыз етті. Қор президенті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменова табыстаған қорғаныс заттары мен жабдықтардың жалпы құны 1 616 000 теңгені құрады.

"№ 1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинет" КММ директоры Бақыт Бекболатқызы Амринаның сөзінше, өз қарауындағы мекеме енді елордадағы барлық білім беру мекемелерінің арасында санитарлық-эпидемиологиялық қорғаныс құралдарының саны бойынша бірінші орынға шықты. "АЯЛА" қорының көмегінің арқасында біз өз балаларымыз бен мамандарымыздың COVID-19 жұқтыру қатерін оңтайлы төмендете алдық. Түйіспесіз тепловизорлар науқастармен байланысты болдырмау үшін балалар мен ересектердің температурасын өлшеудің сүзгіш-бақылауын жүргізуге мүмкіндік берді.  Бактерицидтік шамдар саны әр сабақ аяқталғаннан кейін барлық кабинеттердің ауасын зарарсыздандыруымызға мүмкіндік берді. Барлық мамандар антисептиктермен қамтамасыз етілді және баламен әр сабақты аяқтағаннан кейін жұмыс үстелін, ойыншықтар мен құралдарды өңдей алады. Ыңғайлы мөлшерлегіштер біздің айрықша балаларымызға қолын кез келген мезетте және ешбір қиындықсыз тазалауына көмектеседі", – деп түсінік берді Бақыт Бекболатқызы.

Бұл коронавирус пандемиясының салдарларымен күрес шеңберінде "АЯЛА" қоры осы арнайы оқу мекемесіне көрсеткен кезекті көмек. Сәуір айында №1 ППТК-не мобилді интернет пакеті қосылған 10 планшет берген болатын. Оларды бұл кабинетте келетін мүгедек балалары бар көпбалалы және табысы аз отбасылар алды. Планшеттер балалар мен ата-аналардың қашықтан оқу кезінде сабақтар тәртібін, қарқындылығын және ұзақтығын сақтауына көмектесті.

Өткен жылы қор №1 ППТК-не КАТКО компаниясы мен "Қамқор Менеджмент" компаниялар тобының Астана Марафонына корпоративтік қатысуы үшін аударылған 2 миллион теңгеге сатып алынған Tomatis Talks Up аппаратын табыстаған еді. Томатис әдісі бойынша бағытталған дыбыстық ықпал 2 жастан бастап сөйлеу, дауыс, мінез-құлық, оқу, есте сақтау, назар аудару, эмоциялық күй, қимыл үйлесімі проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. TOMATIS TalksUP аппараты дыбыстық ауытқуларды ауа және бассүйек сүйектері арқылы береді, бұл олардың ықпалынан болған әсерді күшейтеді. Биылғы наурыз айында қор № 1 ППТК педагогының Мәскеуде Томатис әдістемесі бойынша оқып келуін қамтамасыз етті. Алайда карантинге байланысты балалар бұл жабдықпен тек жазда айналыса бастады.

"АЯЛА" қайырымдылық қоры 2007 жылғы мамыр айында құрылды. Қордың миссиясы – Қазақстанда қайырымдылық дәстүрін және мәдениетін тәрбиелеу. "АЯЛА" қорының барлық жобаларының негізгі мақсаты – балалардың өмірін жақсартатын қоғамдағы жағымды өзгерістер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу