"Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

1125

Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция жүргізіліп, бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде ұсталғандардан екі “Калашников” автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, “Калашников” пневматикалық автоматы, “Ф-1” қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ, 5 700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленген.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасуда.

Ұсталған адамдарға қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу