Айсұлтан Назарбаев вице-президент қызметінен босатылды

10844

Айсұлтан Назарбаев  вице-президент қызметінен босатылды

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясы вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен босатылды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Айсұлтан Назарбаевтың өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішіне байланысты, ол Қазақстаннның футбол федарациясы вице-президентінің міндетін атқарушы қызметінен босатылды. 

Еске сала кетсек, Айсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу